» » Қазақстанда екі азаматтан коронавирус анықталды

Қазақстанда екі азаматтан коронавирус анықталды

Елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екі Қазақстан азамтынан коронавирус табылғанын еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында хабарлады.

"Біз үш ай бойы коронавирус елімізге кірмеуі үшін онымен барынша күрестік. Кіруіне жол бермей және таралуына қарсы тұру үшін барлық шараларды қабылдадық. Өкінішке орай, растауға мәжбүрмін", - деді Біртанов.

Азаматтар Алматыдағы инфекциялық станционарда оқшауланған.
Министрдің мәліметінше, олар Германиядан оралған. Науқастарда клиникалық белгілер жоқ. Олар өздерін жақсы сезінеді.
Мемлекет басшысы халыққа тағы да мәлімдеме жасап, елде барлық қоғамдық іс-шаралардың уақытша тоқтатылатынын айтты.
13 наурыз 2020 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930