» » Заман талабынан туған шешім

Заман талабынан туған шешім

Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қар­пі – ғылым мен тех­ни­­каның, интернет пен IT-тех­нологиялардың тілі. Ла­тын әліпбиі рухани бол­мысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаң­­ғыртады. Бұл әліпби қа­зақстандықтар үшін ға­на емес, сонымен қа­тар төрткүл дүниеге та­рыдай шашылып кеткен қандас­та­­ры­мызға да ортақ игілік болмақ.

Латын әліпбиі – түркі әлемімен ықпалдасудың төте жолы. Өз ерек­шеліктерімізді сақтай отырып, әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануға мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай икемделеді, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдеп, бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатыны анық.
Латын әліпбиіне көшу – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадамның бірі. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жүзеге асыра отырып, дәріптеу бізге жүктелген міндет.

Г.Смайлова,
Бұқарбай батыр ауылдық округі
әкімі аппаратының әлеуметттік қызметкері
14 наурыз 2020 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930