» » Қазақстанда той өткізуге тыйым салынды

Қазақстанда той өткізуге тыйым салынды

Қазақстанда жастарға үйлену тойын жасау үшін 3 млн теңге беру ұсынылды

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында той-томалақ өткізуге тыйым салынды. Бұл тыйым туралы Президенттің төтенше жағдайдың жарияланатыны туралы Жарлығында жазылды.

«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын», - делінген Президенттің Жарлығында.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уали, коронавирустың таралу қауіпінің жоғары болуына байланысты тойды өткізуге тыйым салынатынын түсіндіріп өтті. Мұндай шараларды кейінірек кейінге қалдыруға кеңес береміз», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды. Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.

stan.kz

15 наурыз 2020 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930