» » Медициналық тексеруден бас тартқан адамдарға жауапкершілік күшейтіледі

Медициналық тексеруден бас тартқан адамдарға жауапкершілік күшейтіледі

Мемлекет басшысы Үкіметке медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын адамдарға жауапкершілікті күшейтуді жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінен қажетті қаражаттарды бөлсін. Медициналық тексеруден және емделуден, карантиндік режимді сақтаудан бас тартатын, эпидемиологиялық жағдайды айқындау үшін маңызы бар деректерді жасыратын адамдарға бақылау, сондай-ақ аталған адамдардың жауаптылығының шаралары күшейтілсін. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау мақсатында осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын», - делінген Президенттің Жарлығында. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы Президент Жарлығы бүгіннен бастап күшіне енді.

15 наурыз 2020 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930