» » Тоқаев қазақстандықтарды бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырды

Тоқаев қазақстандықтарды бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырды

Kyzylorda-news.kzЕлімізде коронавирусқа қатысты арандатушы ақпарат таратып, халықты түрліктіретін жағдай тудыруға талпынғандар заң жүзінде жазасын алады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде айтты.

«Арандатушы ақпарат таратып, халықты түрліктіретін жағдай тудыруға талпынғандар заң жүзінде жазасын алады. Қазақстанның барлық азаматын сабыр сақтап, бір-біріне көмектесуге, өзін және жақындарын қорғауға шақырамын. Халқымыздың рухы күшті, әсіресе бүгінгі күні бізге оптимизм қажет және өмірге позитивті қарау аса маңызды», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты үндеуінде.
Сондай-ақ, ол қазақ халқы басынан небір қиын кезеңдерді өткізгенін айтты.
«Біз тарихымызда басымыздан небір қиындықтарды өткізген халықпыз, сол сынақтардан ең алдымен береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін. Халқымыз – аман, жұртымыз – тыныш болсын. Біз біргеміз!», – деді ол.
Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенті Жарлығымен Қазақстан Республикасында төтенше жағдай жарияланды.
16 наурыз 2020 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930