» » Тоқаев: Азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді

Тоқаев: Азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады. Бірақ, азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде айтты.

«Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Көп азаматтар алдағы мереке күндеріне орай жоспар құрған болар. Дегенмен бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз. Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз. Бірақ азық-түлік дүкендері мен базарлар жұмысын жалғастыра береді», – деді ол.
Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынатынын жеткізді.
16 наурыз 2020 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (9600)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031