» » Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 2 жасар бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер коронавирус жұқтырған 2 жасар бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

Kyzylorda-news.kz. Алматыда коронавирус жұқтырған 2 жастағы қыз баланың жағдайы туралы Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін тағы 3 адамның жұқтырғанын анықтадық. Олардың бірі 2018 жылы туған бүлдіршін балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бала Берлин-Алматы рейсімен 13 наурызда келген. Бортта 12 адам болған. Экипажбен қоса барлығы карантинге оқшауланды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық», – деді Тілеухан Әбілдаев.

Жұқпалы ауру жұқтырған 2 ересек адам қазір жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

«Қазір Алматыда 11 адамда коронавирус жұқпасы бар екені расталды. Олардың барлығы ДДСҰ хаттамасына сәйкес, ем қабылдап жатыр. Симптоматикалық және вирусқа қарсы терапия басталды. Бұл азаматтармен байланыста болған адамдардың барлығы карантинге жабылды», – деді ол.

17 наурыз 2020 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930