» » ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Басқосуда аймақ басшысы жалағаштықтарға ауданның жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға осыған дейін облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарған Асылбек Шәменов тағайындалды.

Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған. 2007-2012 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сондай-ақ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.
2012-2015 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болған. 2015 жылдың тамыз айынан бастап, 2018 жылға дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болса, 2018 жылдан бүгінге дейін облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарды. Жиында аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жаңа әкімнің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, аудан экономикасының дамуы мен әлеуетінің артуына күш салатынына сенім білдірді.
18 наурыз 2020 ж. 4 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930