» » ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

ТҰРҒЫНДАР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Қытайдың Ухань қаласынан бастау алған коронавирус елімізге жеткелі жер-жерлерде сақтық шаралары күшейтіле бастады. Жалағаш ауданында да аталған вирустың алдын алу мақсатында арнайы комиссия құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Мұнан бөлек азық-түлік өнімдерінің негізсіз қымбаттауына жол бермеу, халық көп тұтынатын заттардың тапшылығын болдырмау мақсатында да өңірде тиісті шаралар қолға алынуда. Кеше аудан әкімі Асылбек Шәменов те Жалағашта вирустық инфекцияның алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Айта кетейік, аудандық емхананың бөлек кіріп-шығатын есігі бар. «Сүзгі» кабинеті жабдықталып, жұмысы жүйеге келтірілген. Жұқпалы ауруға күдікті науқастар алдымен «Сүзгі» кабинетіне жіберіледі. Ондағы медицина қызметкерлері де арнайы қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілген. Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 15 төсек-орын дайын және коронавирус инфекциясына байланысты қосымша 10 төсек орны жабдықталған. Қосымша резервте жабдықталған палаталардың 4-еуі бокс, яғни бөлек кіріп-шығу есіктері бар. Аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесінде күдікті немесе науқаспен қатынаста болған пациентті қабылдауға арналған оқшаулау бөлмесі жасақталған.
Аудан әкімі сала басшыларына тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау басты міндетіміз екенін жеткізіп, күн-түн демей қызмет көрсетіп жүрген аурухана қызметкерлеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ абзал жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, аурухана аумағын қоршау, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.
21 наурыз 2020 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930