» » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бастамасымен Жалағашта бірнеше отбасы баспаналы болып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетілді. Осыған дейін Қаракеткен ауылында бас партияның бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жалғызбасты анаға баспана кілтін табысту сәтіне өзіміз де куә болғанбыз. Мұнан бері партияның қолдауымен бірнеше игі шара ауданда қолға алынды.

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партия жобалары аясында мұқтаж жандарға көмек беру Жалағашта дәстүрге айналған. Кешегі Қытайдан бастау алған вирусқа қарсы күресті күшейту мақсатында антисептикалық препараттармен, медициналық маскалармен қамтамасыз ету және коронавирустық пандемиямен күресуге бағытталған «Biz Birgemiz! «Nur Otan» республикалық акциясы Жалағаш ауданында жалғасын тапты. Акция аясында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жалғызбасты қариялар азық-түлік және алғашқы медициналық құрал жабдықтармен (маскалар, антисептикалық құралдар және т.б) қамтамасыз етілді. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған акцияға аудан әкімдігі, аудандық білім бөлімі, «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы, жастар ресурстық орталығы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және «Jas Otan» ЖҚ аудандық бөлімшесі ат салысты. Шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
21 наурыз 2020 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930