» » Коронавирус: Қызылордада жалған ақпарат таратқан 2 тұрғын қамауға алынды

Коронавирус: Қызылордада жалған ақпарат таратқан 2 тұрғын қамауға алынды

Қызылорда облысының екі тұрғыны әлеуметтік желі арқылы аймақта коронавирус жұқтыру оқиғалары болғандығы туралы жалған ақпарат таратқан. Қазір олар қамауға алынған. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері WhatsApp желісі арқылы жалған ақпарат таратқан 62 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны мен 32 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғынын ұстады. Жалған хабарламада аймақта коронавирус жұқтыру оқиғалары бар екені туралы айтылған.
Айта кетейік, жалған ақпарат таратқан 2 тұрғын да әйел адамдар.
«Тексерілмеген ақпаратты таратпау туралы көптеген ескертуге қарамастан, полиция тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызған жалған ақпарат таратқан екі адамды анықтады», – деді Қызылорда облыстық полиция департаменті.
Кінәлілер өз қатесін толық мойындап, өкініш білдірген.
Қылмыстық кодекстің 274-бабы, 4-тармағына сәйкес (төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Полиция ел азаматтарына арандатушылық ақпаратты анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілер бақыланып отыратындығын ескертеді.
Айта кету керек, Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
24 наурыз 2020 ж. 48 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930