» » Төтенше жағдай кезінде көкпар тартқандар ұсталды

Төтенше жағдай кезінде көкпар тартқандар ұсталды

Алматы облысында төтенше жағдайға қарамастан тұрғындар көкпар ұйымдастырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл видео әлеуметтік желіні бақылау кезінде анықталған. Көкпаршылар Шамалған ауылының Жібек жолы көшесінде кешкі 17:00 шамасында көкпар тартқан.
«Қазір бұл ойынды ұйымдастырған адам ұсталды. Ол 27 жастағы осы ауылдың тұрғыны болып шықты. Бұл кісі төтенше жағдайдың қаншалықты маңызды ахуал екендігін дұрыс түсінбеген сияқты. Ол көкпарды Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған. Сонымен қатар, тұрғындар заңға қайшы, яғни қара жолдың бойында додаға түскен», – деді Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр.
 Бұл дерек бойынша ҚР ӘқбК 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Қарасау аудандық әкімшілік сотына жолданды. Құқық бұзушының әрекетіне сот баға беретін болды.

24 наурыз 2020 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930