» » Еліміздің 6 өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты

Еліміздің 6 өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты

Kyzylorda-news.kz. Еліміздің 6 өңірінде балабақшалар жұмысын тоқтатты. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
«Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарында балабақшалар жұмысын тоқтатты. Қалған өңірлерде балабақшалар штаттық режимде жұмыс жасауда. Алайда балабақшаларға балаларды ата-аналары өз еркімен апаруға мүмкіндігі бар. Апармаған жағдайда балалардың балабақшадағы орны сақталады»,- деді ол.
Министрдің дерегінше, қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс жасайтын балабақшаларға тек 67 мың бала келуде. Бұл көрсеткіш 11 пайызды құрайды.
«Бұл жерде білім басқармаларының басшыларына айтарымыз, жалпы балабақшаларда мүмкіндігінше аз балалар жиналған кезекші топтар жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет», – деді Дәурен Абаев.
26 наурыз 2020 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031