» » Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзған 29 факті анықталды

Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзған 29 факті анықталды

Kyzylorda-news.kz. Әлемде таралған коронавирус індеті бойынша енгізілген төтенше жағдайға байланысты 15 наурызынан бастап Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, қалалық прокуратура және  Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда.
Рейдтік шаралар барысында төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын бұзғандары үшін облыс бойынша жалпы 29 дәмхана мен мейрамханалар, букмекерлік кеңсе және компьютерлік клуб иелері анықталды.
«Қазіргі уақытта бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша 17 әкімшілік іс сот құзырымен онлайн режимінде қаралып, оның ішінде 13 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынса, 4 азаматқа сот шешімімен  әкімшілік қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы шығарылды. Бүгінгі таңда төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау қатаң бақылауда және осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда», – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.
26 наурыз 2020 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

№47 (9626)

23 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031