» » Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

Испанияда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 850-ге жуық адам қайтыс болды. АҚШ-та American Airlines компаниясы үкіметтен 12 млрд доллар сұрап отыр. Ал Польшада қатаң карантин режимі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Covid-19 вирусын жұқтырушылар саны күн санап өсіп келеді. Сонымен қатар оның тарау жылдамдығы да артты. Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлем бойынша қауіпті вирусты жұқтырушылар саны соңғы үш күн ішінде 128 мың адамға жетті.
Ақпанның ортасында вирус жұқтырушылар саны тәулігіне орташа алғанда 2-3 мың адамды құрады. Егер вирустың тарауы осы қарқынмен жалғаса берсе, осы аптаның соңында-ақ әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар 1 миллион адамға жетеді (сейсенбі күні олардың саны 800 мың болған).
1 сәуір күнгі таңдағы мәліметтер бойынша әлемде вирус жұқтырғандар саны 859991 (+73185 тәулігіне) адамды құраған, қайтыс болғандар — 42148 (+4324), сауығып шыққандар — 178100 (+12493) адам.
01 сәуір 2020 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930