» » Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик,Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ЕСПОЛОВ Тілектес ИсабайұлыныңҚазақстанның ауыл кәсіпкерлеріне ҮНДЕУІ

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик,Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ЕСПОЛОВ Тілектес ИсабайұлыныңҚазақстанның ауыл кәсіпкерлеріне ҮНДЕУІ

Құрметті ауылшаруашылық кәсіпкерлеріжәне ауыл тұрғындары!

Бүгінгі күні қатерлі індет бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп тұр. Осындай қиын кезеңде еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дер кезінде жариялаған Үндеуі халыққа ерекше демеу болып, баршамызды жігерлендірді.
Әлемде қазіргі кезде 3 миллиардтан астам халық үйлерінде карантинде отыр, тағы қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Бұл жағдай барлығымызға, әсіресе ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне, ауыл тұрғындарына үлкен жауапкершілік жүктейді.
Сондықтан, көктемдегі егіс жұмыстарын тоқтатуға болмайды! Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. Осы бағытта ауылшаруашылық кәсіпкерлерін ел ертеңі үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырамын.
Біздің университеттің ұстаз-ғалымдары ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне аптасына екі рет тікелей эфирде кеңес беріп, қолдау көрсету мақсатында онлайн конференция өткізуде. Оған бір күнде 2000 мыңнан астам ауыл кәсіпкерлері мен аграрлық сала қызметкерлері қосылып, өздеріне қажетті ақпараттар мен пайдалы кеңес алуда.
Университетiмiзде «Ситуациялық орталық» жұмысы жүйелі жолға қойылған, оқу орны сайтында «АгроДаму» парақшасы фермерлер үшін өздерінің маңызды сұрақтарын жіберуіге толық жұмыс атқаруда. Біздің ғалымдар оларға міндетті түрде жауап береді.
Құрметті ауыл кәсіпкерлері!
Бүгінгі күні көктемдік маусымдық жұмысқа ірі агроқұрылымдар дайын. Олар қажетті техникамен, жанар-жағар маймен, тұқыммен және пестицидтармен қамтамасыз етілген.
Фермерлер егіс жұмыстарын уақтылы бастап кетті. Ал, оңтүстік аймақтарда аяқтауға жақындады. Бірақ қазіргі жағдайда ұсақ және үй шаруашылықтары біраз тоқырап қалды. Сондықтан, шағын шаруашылықтарға өз жерлерін игеруге, малдарын өсіруге ірі шаруашылықтар міндетті түрде қолдау көрсетеді деп сенемін.
Өз кезектерінде жер телімдері 20-30 сотықтан аспайтын үй шаруашылықтары жерлерін барынша тиімді пайдалануы тиіс.
Мен барлық жер телімдері мен саябақтары бар азаматтарға айтарым – оларды өңдеп, көкөніс, картоп, жеміс-жидек отырғызумен айналысуларыңызды сұраймын. Сонда әр бір отбасы өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, артылған өнімдерін нарыққа шығара алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 31 наурыздағы Үндеуінде ең алдымен ұсақ және орта шаруа қожалықтарын мемлекет тарапынан қолдап, олардың әлеуетін тиімді пайдалану керектігін айтып өтті.
Бүгінгі күні облыс, аудан әкімдері, ауылшаруашылық саласындағы жауапты қызметкерлері әр ауыл округтарын аралап, кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен сөйлесіп, сұрақтарының шешімін тауып, нақты атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау жасап отырғанын көріп отырмыз.
Көктемгі маусымдық жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет шаруа қожалықтарына үстемақысы 5 пайыздан жоғары емес 70 млрд теңге бөліп отыр.
Ауыл шаруашылық кәсіпкерлерін қаржыландыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 100 млрд. теңге бөлінді. Бұл шаралар ең алдымен ұсақ және орта шаруа қожалықтарына қатысты.
Көктемгі маусымдық жұмыстарды жүргізу үшін:
- шамамен 2,5 млн. тонна тұқым дайын. Бұл барлық қажеттілікті толықтай қамтамасыз етеді және оның 95% шарттарға сай келеді;
- тұқым шаруашылығын дамытуға 11,3 млрд. теңге субсидиялау қарастырылған, 29,4 мың тонна тұқым мен 838,7 мың дана элиталық көшеттерге мемлекеттік бюджеттен қосымша 2,5 млрд. теңге бөлінді.
Алғаш рет гербицидтардан бөлек фунгицидтар мен инсектицидтарды субсидиялау қолға алынды. Ауылшаруашылығы техникасы бүгінгі күні 98% дайын. Осының барлығы ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау.
Қазіргі кезде ауыл, аудан, облыс аралары толық жабылып жатқан кезде, ауыл ақсақалдары мен ел ағалары халықты сабырлыққа, татулыққа, бірлікке шақырып, ақылдарыңызды айтып отырғандарыңызды білеміз.
Қазақ елі өзінің ауызбіршілігінің, ұстамдылығы мен төзімділігінің арқасында осы бір ауыр сынақ кезеңінен аман-есен өтетініне толық сенімдімін.
Барша ауыл тұрғындарына амандық тілеймін.
Жанұяларыңыздан ырыс-береке кетпесiн.
Еліміз аман болсын! Біз біргеміз!
28 сәуір 2020 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930