» » Министр азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың басты проблемаларын атады

Министр азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың басты проблемаларын атады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың басты проблемаларын атады.

Министр азық-түлікпен қамту бойынша Үкімет алдындағы міндеттерді атап өтті.
«Халықтың қажеттілігін, аграрлық және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету. Азық-түлікпен бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыру. Бұл маусымаралық кезеңдерде маңызды. Отандық өндірушілердің шығындары мен жоғалтуларын азайтып, өнімділігін арттыру. Сондай-ақ тиімді логистиканы дамыту мен экспорттық каналдарды арттыру» деді Б.Сұлтанов.
Сондай-ақ ол азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы ұзақ мерзімді азық-түлік сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталатынын жеткізді.
«Біз қазақстандық тауарларды сақтау мен логистикаға жұмсалатын шығыстардың ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу кезінде ауыртпалықтың болуын біздің бәсекелестік артықшылығымызға айналдырыуымыз керек. Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы ұзақмерзімді азық-түлік сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталады. Ол ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығындарын арттырады. Екіншіден, сауда-логистикалық инфрақұрылым нысандарының бір-бірімен дұрыс үйлеспеуі, тұтынушыға тауардың жету жолын қиындатады. Сауда өнімінің ескі форматы бағаны тұрақтандыруға жол бермейді. Осымен бірге көлік-логистикалық жүйенің қымбаттылығы мен төмен тиімділігі транзиттік мүмкіншіліктер мен экспорттық әлеуетті толық ашуға қиындатады» деді ол.
Сонымен қатар министр ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылатынын айтты.
«Алайда, қазіргі инфрақұрылым мен жетілдірілмеген логистика, тауар айналымына қатысушылардың өзара нақтыланбаған іс-қимылы бағаның өсуіне алып келеді. Әсіресе, маусымаралық кезде оны әрбір тұрғын сезінеді. Жыл сайын ақпаннан мамырға дейін егін қоры таусылып, көрші елдерден жаңа өнім келе бастағанда біз бағаның тұрақсыздығын байқамыз. Бұл инфляцияға кері әсерін тигізеді» деді Б.Сұлтанов.

28 сәуір 2020 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930