» » Қазақстанда 4 журналист коронавирус жұқтырды

Қазақстанда 4 журналист коронавирус жұқтырды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елде медиа қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының төрт жағдайы тіркелгенін хабарлады. 
«Біздің мәліметтеріміз бойынша, науқастардың арасында төрт журналист бар. Инфекция ауру адамдармен байланыс, яғни, қарым-қатынас арқылы берілген», – деді Есмағамбетова.
Оның сөзіне қарағанда, коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызында ауру белгілері аса білінбей өтеді, ал 20 пайызында ауырлығы орта дәрежелі деңгейде болады.
«Бүгінде коронавирус жұқтырған адамдар саны 3078-ге жетті. 774 адам емделіп шықты. Мониторингтің шаралармен індетке шалдыққандармен байланыста болған 49 мың адам қамтылды», – деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
29 сәуір 2020 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031