» » Facebook пен Google қызметкерлері жыл соңына дейін қашықтан жұмыс істейді

Facebook пен Google қызметкерлері жыл соңына дейін қашықтан жұмыс істейді

Facebook пен Google өз қызметкерлеріне жыл соңына дейін үйден жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Технологиялық алыптар өз кеңселерін жақын арада ашатынын жариялағынамен, олардың көптеген қызметкерлері қашықтан жұмыс істей алады.
Facebook-те компания кеңселері карантин режимі мен шектеу шараларын жеңілдету аясында 6 шілдеде ашылатынын мәлімдеді. Google атқарушы директоры Сундар Пичаи (Sundar Pichai) кеңсеге оралуға тиісті қызметкерлер шілде айының басында мұны істей алады деп айтты. Бұл ретте кеңселерде аурудың өршуін болдырмау үшін күшейтілген қауіпсіздік шаралары енгізілетін болады.
Facebook-те, сондай-ақ, өз жұмысын қашықтан орындай алатын кез келген адам жыл соңына дейін осы режімде жұмыс істей алады. Facebook компаниясы өз қызметкерлерінен қашықтан жұмыс істеуді бастауды сұраған IT-компаниялардың арасында алғашқылардың бірі болды. Компания қызметкерлерге 1000 АҚШ доллары көлемінде (807 Фунт стерлинг) олардың үйдегі жұмысы және балаларды күту бонустарын төледі. Кейбір компаниялар өздерінің офистік үй-жайларын әлеуметтік қашықтықтың жаңа қағидаттарына сәйкес бейімдеді. Дегенмен кейбір қызметкерлері жұмысқа келіп істегенді қолйлы деп санайды.  
Егемен.кз
08 мамыр 2020 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930