» » ҚИЫНДЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІК ТАНЫТУЫМЫЗ КЕРЕК

ҚИЫНДЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІК ТАНЫТУЫМЫЗ КЕРЕК

Кеше елдегі Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың аяқталғанын айтып, бәрімізді жақсы хабармен қуантты. Қуанатындай себеп те бар. Карантин кезіндегі елдің қиындықпен бетпе-бет келгені, қаншама науқастың көз жұмып, көп отбасының қайғыға душар болғаны, елдегі жұмыс көзінің кілт тоқтағаны мен қазақстандықтардың сексен пайызының онлайн режимде жұмыс жасауға жіберілгені белгілі. Бұл әрине жұмысты жеңілдеткен жоқ, керісінше жауапкершілік пен қызметкерлерге артылатын жүкті ауырлата түсті. Көп адам табысынан айырылып, отбасы мүшелері үйде қол қусырып отырып қалды. Жалпы, індеттің қазақстандықтарға ғана емес, бүкіл әлемге келеңсіздік пен қоғам дамуын біршама тежегені белгілі.
Біздің елде қашаннан халықтың әл-ауқатын бірінші орынға қояды. Қай уақытта да мемлекеттен берілетін көмек пен қолдау толастаған емес. Ел басына күн туған бүгінгідей қиын-қыстау кезде де қазақстандықтар қолдаусыз қалған жоқ. Кешелі бері табысынан айырылған азаматтар екінші мәрте әлеуметтік көмек алуда. Мәселен республика бойынша 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілсе, миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілген. Сонымен бірге коммуналдық төлемдердің тарифі төмендетіліп, оны төлеу үшін аса мұқтаж жандар қосымша көмек қарастырылған. Қаншама азаматтың несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Қолжетімді несие беру, көктемгі егіс науқанын жүргізу, жұмыс орындарын ашу және сақтау үшін айтарлықтай мүмкіндіктер жасалуда. Бұдан бөлек те кәсіпкерлер мен белсенді топтар қайырымдылық шараларын жүзеге асыруда. Ал аудан көлемінде жеті мыңнан астам адамға осы мөлшерде әлеуметтік төлем төленіп, екі мыңға жуық адамға азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілді.
Ел Президенті кешегі жиында сөйлеген сөзінде індеттің шарықтау шегінен өткенімізді, алайда кей аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей тұрғанын айтты. Демек жағдайға қарай әлі де болса карантиндік тәртіп, қауіпсіздік шаралары сақталатын болады.  Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, уақытша туындаған қиындықта төзімділік танытып, өз денсаулығымызды қатаң назарда ұстау әрбір азаматтың бүгінгі күнгі міндеті.

Э.ҚҰТТЫМБЕТОВА,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы
11 мамыр 2020 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031