» » БОСАҢСУҒА ӘЛІ ЕРТЕ, ҚАУІПСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

БОСАҢСУҒА ӘЛІ ЕРТЕ, ҚАУІПСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Әлемде коронавирус инфекциясының дүрбелеңі әлі басылған жоқ. Мамандар түрлі болжамдар жасағанымен, жұқпалы індеттің нақты қай уақытта тоқтайтынын дөп басып айта алмай отыр. Сондықтан бізге әлі арқаны кеңге салатын кез келген жоқ, карантин талаптарын орындап, тәртіпке бағынып, сақтық шараларын естен шығаруға болмайды. Қазір көбі көшеде маскасыз жүр. Одан да басқа қауіпсіздік шараларын ұмытқан сыңайлы. Бұл өмірімізге өте қауіпті, қалжыңдасатын жағдай емес. Барынша сақтануға тиіспіз.

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа мәлімдеме жасады. Президент өз сөзінде дағдарыстың әлі толық еңсерілмей тұрғанын, дегенмен індеттің шарықтау шегінен өткенімізді айтты. Рас, Үкімет пен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия көп жұмыс атқарып келеді. Халықтың қауіпсіздігі үшін барлық мүмкіндіктер жасалды. Әйтсе де, пандемияның қауіпі әлі сейілген жоқ. Десе де карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатын естіп сәл де болса көңілді бірледік. Қазірде көптеген саланың қызметі қалпына келе бастапты. Бұл да қуанарлық жаңалық. Президенттің айтуынша, еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданып, қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейді. Саябақтар ашылып, жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді. Көптеген шектеулер алынған. Бұл да болса екі ай бойы үйлерінен шыға алмай, басқа қалаларда тұратын туған-туысымен қатынаса алмай отырған тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Алайда, Мемлекет басышысы ескерткендей, карантин мерзімі аяқталды деп алақайламай, күнделікті өмірде сақтық шараларын әлі де қатаң қадағалауымыз керек. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер болатыны да айтылды, бірақ кезең-кезеңімен олардың да алынатыны жұрт көңіліне демеу. Бастысы, біз әлеуметтік желідегі қаңқу сөздер мен бейресми ақпараттарға еріп, өмірімізге, болашағамызға өз қолымызбен балта шауып жүрмейік. Осы қаперімізде болуы тиіс. "Тәртіпке бас иген құл болмайды".

Қабыланбек Нұрмағанбетов,
Бұқарбай батыр ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы

11 мамыр 2020 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930