» » Баға бақылауда

Баға бақылауда

Жалағаш ауданыңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында баға бақылауға алынып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы бірлесіп, кент орталығындағы азық-түлік сататын дүкендерде азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізу барысында жалпы әлеуметтік маңызы бар 9 өнім шекті бағадан аспағаны белгілі болды.
– Кенттегі азық-түлік сауда дүкендеріне күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр. Мониторинг жұмыстарының мақсаты - карантин кезеңінде тұрғындар үшін азық-түліктің қол жетімділігі, олардың сапасы мен бағаларының тұрақтылығына көз жеткізіп, қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Н.Ұзақбаев
12 мамыр 2020 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930