» » COVID-19: Бүгін Қызылордада 5 жағдай тіркелді

COVID-19: Бүгін Қызылордада 5 жағдай тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 237-ні құрап отыр. Бүгінге дейін сауығып шыққандар саны -183. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан анықталған 5 жағдай, барлығы да Атыраудан вахталық әдісмен жұмыс жасайтындар. Таратып айтар болсақ, 1-уі қызылорда қаласынан, 1-уі Жаңақорған, 1-уі Шиелі, 1-уі Арал, 1-уі Қазалы аудандарынан. Соңғы тәулікте барлығы 722 зертханалық сынама алынса, оның 462 сынамасы теріс мәнді болды. 5 сынама оң мәнді. Қалдық тест – 3850. Облыс бойынша эпидемиологиялық маусым басталғалы 21 259 сынама алынған», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған– 3278 азамат анықталды. Оның ішінде, 1806-і жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, облысымызға сырт өңірлерден немесе өзге республикадан келген азаматтар болса, жергілікті емханаларға ескертіп, денсаулығы жөнінде қанда да бір мәліметтер берулерін сұраймыз. Сонымен бірге, тымау немесе суықтау сияқты белгілер болған жағдайда да емхана қызметкерлеріне хабарласауды ұымытпаңыздар. Бұл шаралардың барлығы, инфекциядан алдын ала сақтануға алып келеді.
15 мамыр 2020 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031