» » Елордалық егіз вундеркинд қыздар әлемнің ең үздік 11 университетінен грант ұтып алды

Елордалық егіз вундеркинд қыздар әлемнің ең үздік 11 университетінен грант ұтып алды

Елордалық егіз қыздар Әдия мен Адина Кәкімовтер бір емес, әлемнің ең үздік 11 жоғары оқу орнының грантын ұтып, шақыртуын алды, деп хабарлайды Еуразия арнасы.  


Әдия мен Әдина биыл бас қаладағы №59 мектеп-лицейін бітірмек.  Оқуда озат қыздар болашақ мамандығын 8-сыныпта-ақ таңдап қойған. Дайындықтары да сол уақыттан басталыпты. Әуелі тілдерді үйренді,  ұнаған саласы бойынша білімдерін жетілдірді. Кейін бақтарын сынап, шетелдің белді жоғары оқу орындарына өтінімдерін жіберіп, құжаттарын тапсырды.  Алғашқы шақырту наурыздың ортасына қарай келіпті.  

"Біз өте қатты қуандық. Бірақ анамыз бұған қатты таңқалмады. Себебі ол біздің үздік оқу орындарының гранттарын ұтып алатынмызды білгендей", - дейді егіз қыздар. 

Қалған шақыртулар да көп күттіртпеді. Әдия мен Әдина өтініш жіберген барлық университет білім грантын я болмаса  президенттік шәкіртақасын  ұсыныпты.  Ата-анасы өз алдына, бәрінен мектептегі ұстаздары мәз.  
Қызығы, қыздар арнайы курстарға да жазылмады, оқытушы да жалдамады екен. Өздері дайындалыпты.

«Біз мектептен кейін үйге келе сала, бірден компьютердің алдына отыратынбыз. Түрлі ақпарат іздедік. Қазір ғаламтордың көмегімен, көптеген дүниелерді тауып, үйден-ақ дайындалуға болады.  Мен халықаралық қатынастарды таңдаған соң, тілдерді оқыдым, ал Адина арт-психологияға арналған  түрлі онлайн курстардан өтті. Университеттерді де ұзақ таңдадық. Рейтингісіне, грантына  қарадық.  Бір ғана жоғары оқу орнына  өтінім жіберудің өзіне бірнеше ай кетірдік», - дейді оқушы Әдия Кәкім. 

Алайда егіздер  күн-түн демей оқудан бастарын алмайды деп ойласаңыздар қателесесіздер. Әдия ән айтқанды...

Ал сыңары Әдина сурет салғанды жақсы көреді.  Қыздар бос уақыттарын осылай өткізеді. Айтпақшы, шетелден шақырту келмей тұрып, егіздер Ұлттық біріңғай тестілеуге қызу дайындалып, әу баста отандық жоғарғы оқу орнына түскісі келген екен.

«Біз әуелі СДУ немесе Назарбаев университетіне түскіміз кеп,  ҰБТ-ға дайындалып жүргенбіз. Бірақ шетелге де өтініш жіберіп қойдық.  Ал жауабы келгеннен кейін, отбасымызбен ақылдаса келе, шетелге  барып оқимыз деп шештік.  Бірақ әлі нақты қай университетті таңдайтынымызды білмейміз», - дейді оқушы Адина Кәкім.

Қыздар білім грантын ұтқан университеттердің бір жылдық ақысы 30 млн теңгенің ар жақ бер жағы екен. Әлемнің түкпір-түкпірінен 30 мыңнан астам өтінімдер түсіп, араларынан соның тек 10 пайызы ғана таңдалған. Қатарында Әдия мен Адина да бар. Вундеркинд қыздарымыз оқуларын бітірген соң, Отанына оралып,  еліне қызмет  етуді армандайды екен.



18 мамыр 2020 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031