» » "Бұл түні адамның бір жылдық тағдыры жазылады": Алматы Орталық мешітінің наиб-имамы Қадір түнін қалай өткізу керектігін айтты

"Бұл түні адамның бір жылдық тағдыры жазылады": Алматы Орталық мешітінің наиб-имамы Қадір түнін қалай өткізу керектігін айтты

Биыл ҚМДБ Рамазан айының ең қасиетті түні 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні кіреді деп жариялады. Мың түннен де қадірлі деп санайтын Қадір түнін мұсылман қауым асыға күтеді. Stan.kz тілшісі Орталық мешітінің наиб-имамы Ермек Көкірекбаевтан бұл түні Алладан не тілеу керектігін, қайтсе дұғасы қабыл болатынын сұрап білді. 

қадір түні

Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб-имамы Ермек Көкірекбаев бұл түннің сауабы көп екенін, сол үшін дұғада болып керегін Алладан сұрау керек дейді. 
"Алла тағала айлардың ішінде ең қасиетті етіп Ораза айын жаратты. Күндердің ішінде ең керемет күн етіп жұма күнін, түндердің ішіндегі ең ұлы қасиеттісі мың айдан хайырлы болған қасиетті Қадір түнін жаратты. Аса қамқор, ерекше мейірімді, кешірімді Алла Тағала осы түні дұға етуші құлдарының күнәларын кешіреді", - деген наиб-имам ғалымдарымыз бұл түнді қалай есептеп шығаратынын айтты.
"Көптеген ислам ғалымдар ораза айының 26- шы түніннен 27-ші түніне қараған қасиетті Ләйлә түні - Қадір түні деген. Бұл түн туралы қасиетті Құран кәрімнің "Қадір" сүресінде келген және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде айтылған. 
"Қадір түні Аллаға беріліп құлшылық жасауға, беріліп сыйынуға арнау керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Уа, Алла, сен кешірудің жақсы көресің, кешірімдісің. Біздерді кешірші" - деп көп дұға жасаған дейді Айша анамыз. Қадір түнінің Тағдыр түні деп айтады. Бұл түні адамның бір жылдық тағдыры жазылады. Алдағы бір жылдық тағдырымызды жақсы жағына қарай өзгертуге сыйыну керек. Сондай-ақ ауырған адам еміне шипа сұрап, қиындығына жеңілдік беруін тілесе қабыл болады", - дейді Ермек Көкірекбаев.
Еліміздегі карантиндік режимге байланысты барлық мешіттер жабық тұр. Наиб-имам бұрын мешітке келіп дұға жасауды машық қылған жамағат биыл үйінде отырып күткен абзал екенін айтады. 
"Биылғы Қадір түнді мұсылман қауым үйінде қарсы алады. Үйіңізді құтханаға, құлшылық орнына, дұғалары қабыл болатын мекенге айналдырып, бала-шағамыздың қасында Аллаға сыйынғанымыз үлкен тәрбиелік мәні бар сауапты һәм жауапты күн болады, Алла қаласа", - деді Ермек Көкрекбаев. 
Осы түннің кереметі мен қасиеті туралы хадистер мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған асыл сөздер бар:  
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді", - деген.
Тағы бір хадисте: "Рамазан айы бойынша ақшам және таң намазын жамағатпен оқыған адам Қадір түнінен көп несібе алады", - деген.
Қадір түні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмбетіне деген терең сүйіспеншілігінен туындаған дұғасының құрметі үшін қабыл болған. Имам Маликтің "Муатта" атты еңбегінде риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) алдыңғы үмбеттердің өмірлері көрсетілгендігі айтылған.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сол сәт: "Ұзақ өмір сүрген осы үмбеттер жасай алмайтындай амалдарды менің үмбетіме аз уақыт жасай алуды нәсіп ете гөр", деп дұға жасағанда, Аллаһ Тағаланың мың айдан қайырлы осы Қадір түнін нәсіп еткендігі баяндалған. (Қадір түні мың айға тең деп Құранда айтылған бұл сан есеп бойынша 83 жыл, 4 айға тең келеді).
Бірде Айша анамыз Пайғамбарымыздан(с.ғ.с.): "Уа, Аллаһтың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем қандай дұға оқиын?", - деп сұрағанда, Ол: "Аллаһумма, иннәкә афуун, тұхиббул афуа, фаафу анни" (Уа Аллаһ! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!) - деп дұға ету керектігін үйреткен.
Қияметте Аллаһ Тағала хикметімен емес құдіретімен амал етеді. Сол сияқты Қадір түнінде де Аллаһ Тағаланың құдіреті үстем болады. Ол түннің қадірін білгендерге Аллаһтың мейірімі мен берекесі жауады, ал одан құр қалмау адамның рухани сергектігіне байланысты.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) үйреткендей, мұсылман баласы әрбір ісіне өзіне берілген ең соңғы мүмкіндік секілді қарай білуі керек. Сол себепті Қадір түнін енді көрем бе, көрмеймін бе, дегендей өте бір мұқияттылықпен өткізгені жөн" - деп ақыл - кеңес берді Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб - имамы Ермек Көкірекбаев.  

stan.kz
18 мамыр 2020 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031