» » ҚАУІП ПЕН ҚАСІРЕТТІҢ ОШАҒЫ

ҚАУІП ПЕН ҚАСІРЕТТІҢ ОШАҒЫ

Спирттік ішімдік – барлық жамандық атауының кілті десе де болады. Себебі ащы суды шамадан тыс ішкен адам өзінің іс әрекетіне жауап бере алмайтыны анық. Қоғамда арақтың буымен заңды бұзып, біреудің құқығына нұқсан келтіріп, жаға жыртысып, тіпті өз отбасын өздері ойрандап жатқан маскүнемдер де аз емес.
Мамандардың сөзінше, арақтың кесірінен талай бала өмірге аурушаң болып келіп, зардабын ата-анасы ғана емес, қоғам болып тартуда. Ішімдіктің салдарынан елімізде жыл сайын мыңдаған адам денсаулығынан айырылып, мүгедек болып жатыр. Шын мәнінде, маскүнемдіктің шегіне жетіп, күнде бас жазбаса тұра алмайтын адамдар бар екеніне қынжыласың. Соның ішінде жасы алпысты алқымдап, жетпіске аяқ басқан аға буын өкілдері «бір сілтерім бар» деп, тартып жібергенде оларды кімдердің қатарына жатқызамыз? Кейбір ағаларымыз осылай жүргенде кімнен үлгі алып, кімге еліктейміз? Осындай жандарға қарап қызығып, еліктеп деген сияқты әуестікпен бүгінде елімізде спирттік ішімдікке үйір жастардың қатары да аз емес. Бұл – дабыл қағарлық мәселе. Себебі жастардың спиртті ішімдікке қарсы тұру иммунитеті төмен келеді де, олардың ағзалары араққа тез тәуелді болады. Алкоголь ағзадағы тірі тіндерді жойып, жасушаларды жаңартпайды. Ішімдікті ерте бастан тұтыну қыздарды бедеулікке, ұлдарды белсіздікке ұрындыратынын ғалымдар дәлелдеген. Жүктілік кезінде ішімдіктің жеңіл түрін ішкен әйелдердің болашақ сәбилерінің 40-60 пайызы ақыл есі кем, дене мүшелері дұрыс дамымаған, аурушаң болып туады екен.
Жақында әлеуметтік желідегі жазбалардан Сиднейдегі Маккуори университетінің ғалым­дары да ішімдікке қатысты осындай зерт­теулерін жариялағандығын оқыдым. Олардың айтуынша, бала емізетін әйелдердің ішімдік ішуі нәресте миының дамуын тежейді. Олар бұл тәжірибені 2004 жылы бастаған. Зерттеуге 5000-нан аса ана мен бала қатысқан. Он жылдан аса уақыт зерттелген тәжірибеде бала емізетін әйелдердің ішімдік ішуі тексеріліп отырыпты. Ал баланың ақыл-ойының дамуы екі жыл сайын бақыланған. Нәтижесінде ішімдік ана сүтінің құрамын өзгертіп, дәрумендер санын азайтатыны анықталған. Сондай-ақ ол баланың ақыл-ойының дамуын тежеп, ұйқы жиілігін өзгертіп жіберетіні дәлелденіпті. Тағы бір дерек, француз дәрігері Доньсе маскүнемдікке салынған 10 отбасының 57 сәбиіне ұзақ уақыт зерттеу жүргізген. Нәтижесінде олардың 25-і қызыл шақа кездерінде шетінеп кеткенін тіркеген. Бес бала тырысқақ ауруымен ауырған. Тағы бесеуінде ауыр ми ісіктері кездессе, 12 баланың он екі мүшесінде кемістік байқалғаны дәлелденген. Мұндай мысалдарды әлемнің әр елінен келтіруге болады. Ең бастысы, арақты үнемі тұтыну жүрек, қан айналымын бұзып, жүйке жүйесін зақымдап, түрлі ауруларға ұрындыратынын әрбір адам білуі тиіс.

Ғалым САХИ,
аудандық соттың бас маманы
19 мамыр 2020 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930