» » Түркістан облысында жеңілдетілген баспана алуға өтінімдер қабылданып жатыр

Түркістан облысында жеңілдетілген баспана алуға өтінімдер қабылданып жатыр

Түркістан облысы тұрғындары, өзі тұратын аймақтан, облыстағы аудан орталықтары, Түркістан қаласы жəне Кентау қаласынан да баспана ала алады.

Түркістан облысында жеңілдетілген баспана алуға өтінімдер қабылданып жатыр


Түркістан облысы бойынша "2-10-20" - "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы баспана алуға өтінімдер қабылдануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Баспананы кімдер ала алады?

"Бақытты отбасы" табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына: үй кезегінде тұрған:
-көпбалалы отбасы;
-толық емес отбасы;
-мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар ғана қатыса алады.

"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысу үшін баспанаға мұқтаж отбасы ретінде әкімдікте кезекте тұруы шарт.

Бұдан бөлек, баспанаға мұқтаж жанның өз атында және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.

Өтінім беруші тұрғылықты жеріндегі аудан əкімдігінен Тұрғын үй құрылыс жинақ Банкі Шымкент филиалына ЖОЛДАМА алып келеді.

Түркістан облысы тұрғындары, өзі тұратын аймақтан, облыстағы аудан орталықтары, Түркістан қаласы жəне Кентау қаласынан да баспана ала алады. Айта кетейік, өңірдегі бағдарламаны жүзеге асыруын, Түркістан облысы "Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" тікелей қадағалауына алған. Облыстағы аудан əкімдіктері бағдарлама талаптарына сай келетін қатысушы азаматтарға ЖОЛДАМА беруге дайын екенін ескертті.


21 мамыр 2020 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 63

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930