» » Рамазан айында кәсіпкер ауылдастарының қарызын кешірді

Рамазан айында кәсіпкер ауылдастарының қарызын кешірді


Ауылдастарының берешегін кешіргені әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті.



Рамазан айында кәсіпкер ауылдастарының қарызын кешірді


Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында тұратын кәсіпкер Әзбек Мұхитов рамазан айында ауылдастарының қарызын кешірді, деп жазады ҚазАқпарат. Өзінің айтуынша, ауыл тұрғыны шешенстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік желідегі челленджін көргеннен кейін осындай сауапты қадамға барған екен. Кәсіпкердің челленджді жалғастырып, ауылдастарының берешегін кешіргені әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті.

"«Барыс» деп аталатын азық-түлік дүкенін 2011 жылы ашып едім. Ауыл тұрғындарының тауарды жаздырып алатыны бар. Олардың үш жылдан бергі қарызы 63 685 теңгеге жетіпті. Ішінде жоқ-жітік жандар да, берешегін қайтарамын деп жүргендер де бар. Тізімге қараған жоқпын, дәптердің сол беттерін жыртып тастап, бәрін кешіруді жөн көрдім. Ең бастысы, бір-бірімізге деген мейірімділіктен айнымайық, кешірімшіл болайық. Оразамыз қабыл болсын", деді Әзбек Мұхитов.

22 мамыр 2020 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930