» » Биыл 13-14 наурыз күндері республика бойынша алғаш рет Амал мерекесі тойланады

Биыл 13-14 наурыз күндері республика бойынша алғаш рет Амал мерекесі тойланады


Еліміздің батысында тойланып келген Амал мерекесі биыл алғаш рет республика деңгейінде аталып өтіледі.

Наурыздың 13-14 күндері Маңғыстаудағы ең биік жер – Отпантаудың басында Рухани жаңғыруға бағытталған ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Оған маңғыстаулықтар ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар шақырылады. 53 киіз үй тігіліп, «Батырлар», «Күйшілер», «Жыршылар» мен «Шеберлер» сынды ондаған ауыл бой көтереді. «Отпантау» тарихи-мәдени кешенінде ғалымдардың бас қосуымен «Амалдың» мән-мағынасына арналған ғылыми конференция өтеді. Аударыспақ, көкпар, аламан бәйге ұйымдастырылып, республикалық жыр мектептерінің өкілдері өлеңмен шашу шашады, деп хабарлайды 24 хабар.
Амал – ескіше жыл санау бойынша жаңа жылдың кірер күні. Бұл күні халық ертемен тұрып, бір-бірімен қауышып, көріседі. Жасы кішілер үлкендердің батасын алады. Бірін бірі құттықтап, кешіріп арқа-жарқа болатын нағыз халықтық мереке.
“2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осы Наурыз тұжырымдамасын жасақтаған болатын. Наурыз тұжырымдамасының ішінде Амал мерекесінің мәні де ашып көрсетілді. Амал мерекесі бұл елдің аман-сау бір-бірімен қауышқандығын, кешірімділігін, сонымен бірге ел бірлігі, ең басты тақырыбы – елдің бірлігін көрсетеді. Бұл елдің басын біріктіретін, елбасымыздың мәңгілік идеясын насихаттайтын үлкен шара ретінде өтеді”, – деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасының басшысы Пания Сармурзина.



http://stan.kz
06 наурыз 2018 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30