» » Балалар маска тағуы керек: Цой қазақстандықтарға балалардың маскасын өздеріңіз жасаңыздар деп кеңес берді

Балалар маска тағуы керек: Цой қазақстандықтарға балалардың маскасын өздеріңіз жасаңыздар деп кеңес берді

Журналистер денсаулық сақтау министрінен балалар қай жаста қорғаныс маскаларын кию керек деп сұрады. Алексей Цойдың айтуынша, маскалар барлық балаларға, оның ішінде нәрестелерге кию керек. Алайда министрге балаға масканы қайдан сатып алуға болады деген сұраққа жауап беру қиынға соқты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр балалар да маска тағып жүруі керек екенін айтты. Ол масканы қолдан да жасауға болатынын жеткізген. Бұл айтарлықтай мәселе емес, біз барынша қорғануды ойлануымыз керек дейді. 
"Маска мәселесіне қатысты айтқым келеді. Мен бұл жерде ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Балалар қарапайым масканың жібін кесіп те тағып жүр. Тіпті жаңа туған бала болса, онда матадан жасауға болады. Бұл біздің баламыз, біз оны қорғаудың жолын табуымыз керек. Өзіміз қолдан жасасақ та болады. Мұны өмір бақи жасап келдік қой. Мәселе тудырудың қажеті жоқ", - дейді Цой. 
Сонымен қатар, брифингте министр барлық уақытта қоғамдық орындарда бетперде кию керек екенін айтты. Бұл тіпті спортпен айналысатындарға да қатысты.

30 шілде 2020 ж. 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31