» » Педофилдер мен кісі өлтірушілер: Алматы облысындағы колония әкімшілігі түрмедегі жаппай төбелес туралы айтып берді

Педофилдер мен кісі өлтірушілер: Алматы облысындағы колония әкімшілігі түрмедегі жаппай төбелес туралы айтып берді

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/14 колониясында жаппай төбелес болды. Сотталушылар бір-бірін өлтіре жаздады. Отырғыштар мен орындықтарды қолданған. Жанжалды шешу үшін тіпті Ұлттық ұлан қызметкерлерін шақыруға тура келген.


Оқиға Заречный қаласындағы жалпы режимдегі колонияда 5 қазаннан 6 қазанға қараған түні болған. Тыныштық уақыты туралы хабарламадан кейін ауызша ұрыс басталып, ол тұтқындар арасындағы жаппай төбелеске ұласқан.

Төбелеске 15 тұтқын қатысқан, отырғыштар мен орындықтар қолданылды. Оқиға орнына дереу жедел топ барған. Колонияның қызметкерлері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері айқасты тоқтатқан.

"Түсінбеушілік, олар өз күштерін қолдана бастаған кезде, бір-бірін отырғыштармен, орындықпен, олардың аяқтарымен ұрып-соққан. Басты себеп - ызаға толы көңіл-күй. Педофилдер,  кісі өлтірушілер, осы жағдайдың негізінде қақтығыс пайда болды. Соншалықты жаппай тәртіпсіздіктер болған жоқ. Біз бұған жол бермейміз және жол бермедік", - деді ҚР ІІМ ҚАЖК ЛА 155-14 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бастығы Руслан Габибов.

Жеті тұтқын Қапшағай ауруханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін төртеуі колонияға қайтты. Қалғандары ауруханаға түсті. Кейбіреулеріне операция қажет болды.

"Олардың жағдайын орташа деп бағалауға болады. Біреуінің қолы сынған, оған ота жасалған. Екіншісінің беті жарақаттанған, оған да ота жасалған", - деді Қапшағай қалалық орталық ауруханасының ресми өкілі

Жаппай төбелесті 18-20 жастағы жас тұтқындар бастағаны белгілі. Оған қатысқан 12 адам қазір арнайы изоляторда. Онда олар 15 күнге дейін болады.

Осы факті денсаулыққа зиян келтіру бабы бойынша тергеліп жатыр. Қылмыскерлерге айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе тағы бірнеше жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар, олар мемлекеттік мүлікті қалпына келтіруге мәжбүр болады.


stan.kz

08 қазан 2020 ж. 100 0

№91 (9670)

24 қараша 2020 ж.

№90 (9669)

21 қараша 2020 ж.

№89 (9668)

17 қараша 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031