» » Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Картинки по запросу қар жауады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тек республиканың шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет РМК-ға" сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Дүйсенбіде республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 23-28 м/с-ге дейін күшейеді, кей жерлерінде түнде тұман болады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді, екпіні 23 м/с болады, бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысында таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с күтіледі, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі күтіледі.
Маңғыстау облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.




08 қаңтар 2018 ж. 756 0