» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭЛЕКТРОНДЫ ЖОЛАҚЫМЕН ЖҮРУІ МҮМКІН

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЭЛЕКТРОНДЫ ЖОЛАҚЫМЕН ЖҮРУІ МҮМКІН


Болашақта қызылордалықтар қоғамдық көлікте электронды жолақымен жүруі мүмкін. Оның қыр-сырымен облыс әкімдігіндегі мәжілісте Орталық Азиядағы IBA Group компаниясының директоры Михаил Бунас таныстырды.

IBA Group – Орталық және Шығыс Еуропаның тасымалдау қызметіндегі жетекші компаниялардың бірі. Автоматтандырылған бағдарламаны ең әуелі Минскіде әзірлеп, қолданысқа енгізген. Бүгінде мұндағы автобус, троллейбус, трамвай, метро мен қала маңындағы электричкалар аталған жүйемен жұмыс істейді. Жолаушылар жолақыны Mifare Plus технологиясының базасындағы әмбебап iCard смарт картасымен төлейді. Смарт картада оның иесіне тиесілі жеңілдіктер туралы ақпарат көрсетіледі. Ақшаны банк арқылы да, терминал арқылы да толтыруға болады.
– Жүйеге түрлі сағатта және түрлі бағыт бойынша жолаушылар ағымына бақылау жасайтын аналитикалық бағдарлама орнатылған. Салонға кірген кезде бақылаушы «қояндарға» қулығын іске асыруға мүмкіндік бермей, жолақыны бақылаушы жақындағаннан кейін төлеуі үшін кәртішкені валидаторға жақындатып, оның жұмысын бұғаттайды. Тексеруді аяқтаған соң бақылаушы өз картасын қайтадан валидаторға жақындатып, бұғатын алып тастайды, – деді Михаил Бунас.
Қызылорда қаласының әкімдігі қоғамдық көліктердегі электронды төлем жүйесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырмақ. Бұл үшін облыстық бюджеттен 6 280 мың теңге бөлінді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы компания ұсынған нұсқаның артық-кем тұстарын қарастырып жатыр.

Назерке САНИЯЗОВА, 
«Сыр бойы».

13 наурыз 2018 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9449)

18 қыркүйек 2018 ж.

№69 (9448)

15 қыркүйек 2018 ж.

№68 (9447)

11 қыркүйек 2018 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930