» » Жаманнан жирен

Жаманнан жирен

Есірткі – ауру сезгіштікті жоятын, жүйке жүйесіне әсер ететін, табиғи гормондарды еліктіретін химикат. Тәуелділікке алып келеді және ден­саулыққа аса қатты зиян. Есірткіні тұтыну 2009 жылдың 1-інші қарашасынан барлық елдерде шектеулі.
Есірткінің жалпы зияны миды улауға алып келеді. Мамандардың айтуынша есірткіні алғаш пайдаланғаннан кейін денеде ауырсыну сезіліп, жүрегі айнып, ұйқысыздыққа алып келеді. Ата-ананың баланы қадағаламағанынан немесе отбасы мүшесінің есірткі пай­далануынан болады. Қалаға оқуға түсіп, “әй дейтін әже, қой дей­тін қо­жаның” болмауынан және ор­тасына бай­ланысты. Отбасы құрып, жауап­кершіліктің көбеюіне байланысты. Есірт­кіні пайдаланушылардың бір шамасы – жасөспірімдер. Олар бұл жолға әуесқойлықпен түскен. Еліміздің болашағы алаңдатады.
Бір қорқыныштысы жастардың есірт­кіге деген құмарлығы басым. Олардың пікірінше есірткіні жан мен тәннің рахатына пайдаланады. Қараң­ғылыққа кетіп бара жатқан жастарға жамандықтан жирен дегім келеді.

Бағлан Есқараев,
№202 мектептің 10 сынып оқушысы
18 қараша 2020 ж. 107 0