» » Әншілер жарнамалаған лотереяға алданған жұрт Алматы сотының алдында шу шығарды

Әншілер жарнамалаған лотереяға алданған жұрт Алматы сотының алдында шу шығарды

Алматы қалалық соттың алдына әншілер ойнатқан лотереяға алдандық деген жүз шақты адам әділдік сұрап жиналды. Олар Роза Әлқожаның лотереясына, Ақбота Керімбекованың гивіне, Жазира мен Жанболат жасаған жарнамаға сеніп ақша салып қатысыпты. Кейін не ақшаны, не ұтысты көрмедік, тіпті сыйлықтары да жалған болып шықты дейді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.


Жиналғандар халықты жалпы сомасы 200 миллион теңгеге алдаған Жазира мен Жанболат, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа, Ернар Айдар сынды әншілердің әлі бостандықта жүргеніне наразы. 

“Мына Роза Әлқожаның теледидардан ойын ойнатып жатқан соң, ойнына бір үмітім болды да, кішкене ұтып қаламын-ау деген. Апай сіздің ойыныңыз бітті десе, мен түсінер едім. Телефон мүлдем алмайды ғой”, – деді шағымданушы Алмагүл Әскербекқызы.

Ал елді алдаған әншілердің кінәсін дәлелдемек болған адвокат Тілеужан Кішкенебаевты сот лицензиясынан айырды деп отыр. Ал бұған аты аталған әншілер мен мәдениет саласында лауызымды қызметте отырған жұлдыздардың да қатысы барына жиналғандар сенімді.

stan.kz
10 маусым 2021 ж. 952 0