» » Сіз білмейтін тағы бір қызық

Сіз білмейтін тағы бір қызық

Витамин (вита + амин) «өмірлік қа­жетті амин» де­генді білді­реді. Бұл ұғымды бұдан бір ға­сыр бұрын (1902 ж) поляк хи­мигі Каземир Функ ендірген. Бүгінде дәрумен (витамин) деп аталатын 13 түрлі зат бар. Олар майда еритін (А, Д, Е, К) және суда еритін (С мен В тобының витамин­дері) бо­лып бөлі­неді. Осының ішінде Д, К және В3 дәрумендерін адам ағзасы өзі түзеді, қалғандары ағ­заға азық арқылы түседі. А дәрумені көз бен бауырды қорғайды, жарақаттарды жазады, ал В тобының дәрумен­дері зат алмасуына атсалысады, жүйке жүйесінің жұмысын реттейді, С дәрумені ағзаның инфекцияға төзімін арттырады, Д дәрумені сүйектерді нығайтады, Е – қартаюды тежейді. Адам ағзасының С дәруменіне сұранысын қанағат­тандыру үшін күніне 5-6 түйір балғын көкөністер жеу қажет. Сол сияқты басқа да қажетті дәрумендер адам ағзасында күнделікті жеткілікті мөлшерде болғаны дұрыс. Адам кейде өзінің білмес­ті­гінен немесе зиянды әдет­терінің кесірінен де вита­миннен айырылады. Мысалы,  ас­пиринді көп ішсе, ағзадан С дәрумені көп жойылады, ал темекі А, С, Р дәрумендерін, ішімдік А дәрумені  мен В то­бының дәрумендерін жояды. Тоңазытқышта үш күн тұр­ған көкөністер дәрумендердің тең жартысына жуығынан айы­­­рылады. Жабайы жеміс­терден гөрі қолда өсіріл­ген жемістерде дәрумен аз. Арнайы қорғаныштық қабатта шығарылған дәріханалық по­ливитаминдердегі пайдалы заттар 2-ден 7 жылға дейін өз қа­сиеттерін сақтай алады. Қалада тұратын адамдарда ультракүлгін сәуле арқылы түзілетін Д дәрумені аз, себе­бі қала ауасы лас. Сондықтан қа­лалықтар ағзаны Д витами­німен қамтамасыз ете­тін жағдайды әрдайым қаперде ұс­тағандары абзал. Жалпы, өмірге аса қажетті бұл аминдерді әрдайым назарда ұстап, олармен ағза­ны қа­жет­ті деңгейде қамтамасыз етіп жүру керектігін ұмытпаған абзал.
Massaget.kz
24 наурыз 2018 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (9590)

11 ақпан 2020 ж.

№10 (9589)

08 ақпан 2020 ж.

№9 (9588)

04 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 811

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 734

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829