» » Жалаңаш ұйықтау қауіпті болып шықты

Жалаңаш ұйықтау қауіпті болып шықты

Американдық дәрігер киімсіз ұйықтау әдетін қауіпті деп санады. Оның бұл туралы айтқаны TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Пластикалық хирург Энтони Юн (Anthony Youn) үнемі медициналық тақырыптағы қызықты фактілер туралы видеоларымен бөлісіп отырады. Соңғы жариялаған видеосында сарапшы адамның киім мен іш киімсіз ұйықтауынан туындайтын жағымсыз салдар туралы айтты. 

Дәрігердің айтуынша, адам орташа есеппен күніне 15 реттен 25-ке дейін газ шығарады.

"Ғылыми зерттеулер сіз газ шығарған сайын аз мөлшерде нәжісті шашырататындығыңызды дәлелдеді", — деп түсіндірді Юн.
Осы себепті төсек-орынға іш киім немесе жатар орынға киетін арнайы киім кию керектігін айтты.

Сонымен қатар, дәрігер төсек-орын жабдықтарын үнемі ауыстырып отыруды ұсынды.

"Тым болмаса өз серігіңіз үшін жалаңаш ұйықтамаңыз”, — деп түйіндеді ол.

Хирургтың жарияланымы кеңінен таралып, 10 миллионнан астам қаралым жинап үлгерген. 
11 қыркүйек 2021 ж. 509 0