» » ДЕРТ ДЕНДЕМЕСІН ДЕСЕК...

ДЕРТ ДЕНДЕМЕСІН ДЕСЕК...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсын да қатты алаңдататыны анық.

Ел ішінде көрініс табатын осындай қоғам дертінің дендеп кетуінің алдын алу­да халықтың құқықтық сауаттылығын арт­тырудың маңызы зор. Өйткені халық өз құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білсе, онда бұл қылмысқа тосқауыл болатындардың қатары артатын еді. Сонда сыбайлас жемқорлықтың кең етек алуы мүмкін болмайды. Мемлекеттің да­муына кері әсерін тигізетін қоғамдық дертпен күресте ең бастысы халықтың бір көзқараста, бір қолдың саласындай бірігуі маңызды.

Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбай­лас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүр­гізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сү­руі­нің барлық салаларында сыбайлас жем­қорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту – бүгінгі күн­дегі басты мақсат. Сондықтан онымен күрес тоқтаусыз, барынша қатал әрі нәтижелі түрде жүргізілуі тиіс. Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе бұл серпінді даму үстіндегі және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің еліміз үшін өте маңызды.

Ж.ЖАЗКЕН
14 қыркүйек 2021 ж. 70 0

№75 (9755)

21 қыркүйек 2021 ж.

№74 (9754)

18 қыркүйек 2021 ж.

№73 (9753)

14 қыркүйек 2021 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930