» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Жалағаш аудандық партия филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысына қатыстым. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап айтар болсам: Жалағаш ауданы бойынша білім беру ұйымдарының жылу маусымына арналған жұмыстары және Таң, Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округтері БПҰ 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары пысықталды.

Қазіргі таңда ауа-райының күр өзгеруіне байланысты аудан әкімі А.Шаменовтың 2021 жылғы 8 қазандағы №271 өкіміне сәйкес барлық білім беру ұйымдарында от жағу маусымы басталды. Аудан бойынша 20 мектептің 2-еуі қатты отынмен және 18 мектеп сұйық отынмен жылытылады. Жалағаш кенті орталығындағы З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп ғимараты биылғы жылы табиғи газға қосылды. Қажеттілікке байланысты №33, №117 және Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицей ғимараттарының бу қазандықтарын жаңартуға 7 млн 200 мың теңге қаржы берілді. Қазіргі уақытта аудан бойынша білім ордалары алдағы жылу маусымына дайын екенін және қосымша қорда қатты отын мен сұйық отынның бар екенін Жалағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов баяндап өтті. Баршамызға белгілі Қазалы ауданы, Тасарық ауылындағы №238 мектептің бу қазандығы жарылған болатын. Осыған орай, ауданымыздың білім саласындағы бу қазандықтарының техникалық қауіпсіздігін баса назарды ұстауды. Жылу жұмысына жауапты қызметкерлерге техникалық қауіпсіздік ережесін жіті қадағалауды тапсырдық. Отырысқа қатысушылар тарапынан білім саласына қатысты көптеген ұсыныстар айтылды.

Бастауыш партия ұйымдары - халықпен арадағы алтын көпір. Жергілікті жұрттың көңіл-күйін бес саусақтай біледі. Сәйкесінше, жауапкершілік те жоғары. 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы Таң, Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округтері БПҰ төрағалары баяндап өтті. Аталған БПҰ төрағаларына отырысқа қатысушылар тарапынан бірқатар тапсырмаларды бердік. Мәселен әлеуметтік желіге арнайы анонс беру арқылы БПҰ кабинеттерінде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыру, партияның имиджін көтеретін іс-шаралар, партиялық жобаларды жандандыру.

Бүгінгі өткізілген отырыс өз деңгейін өткізілді. Бірқатар ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды. Ендігі міндет осы айылған ұсыныстарды баса назарда ұстау.

ҚАЙРАТ ДОСЫМОВ,
Жалағаш аудандық маслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары
13 қазан 2021 ж. 174 0