» » КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

Бүгін Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Айтжанова Гүлжайна Айтжанқызы Еңбек ауылдық округінде тұрғындардың өтініш тілегін тыңдау мақсатында көпшелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау келген тұрғындары жұмыссыздық және әлеуметтік қамту мәселелерін көтерді. Әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдаған аудандық маслихат депутаты Гүлжайна Айтжанқызы тиісінше мәселелерді шешті.

Жұмыссыздық мәселесін көтеріп, өзінің жалғыз басты ана екенін айтқан ауыл тұрғынының мәселесі оң шешімін тапты. Яғни, өтініш иесін маусымдық жұмысқа орналастыру үшін ауылдық қауымдастыққа ұсыныс берілді. Нәтижесінде ауыл мектебіне киімілгіш қызметіне жолданды.
Отбасылық жағдайына байланысты көмек сұраған өтініш иесінің мәселесі оң шешімін табатынын жеткізілді. Яғни, ауыл әкімдігіне ұсыныс беріліп, өтініш иесіне қыстық отынмен қамтамасыз етілу мәселесі қарастырылды. Ендігі кезекте ауыл әкімдігі ауыл тұрғынының әлеуметтік қамту мәселесіне байланысты тиісті жұмыстарды жасайтындықтарын айтты.
13 қазан 2021 ж. 185 0