» » ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ОҢ НӘТИЖЕ БЕРЕДІ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ОҢ НӘТИЖЕ БЕРЕДІ

Қазір тұрғындар кәсіппен айналысудың, сол арқылы тұрмыс сапасын арттыруға машықтанған. Әсіресе мемлекет ұсынған оңтайлы бағдарламалардың тиімді тетігін тапқандар әп сәтте-ақ кәсіптерінің көкжиегін кеңейтіп алды. Елдегі кәсіпкерлер санының артып, саланың дамығаны ауданның алға жылжуына да орасан зор әсерін тигізбек. Өйткені әрбір кәсіпкерден түсетін салық аудан қазынасын молайтады. Ал бюджет өсім алса, өңірді дамытуға бағытталатын жүйелі жұмыстар көбірек қолға алынады. Сайып келгенде аудан қазынасына үлес қосатын кәсіпкерлердің жұмысы шираса, Жалағашта атқарылатын сүбелі істер ілгерілейді. Бір сөзбен айтқанда, ауданымыз көштен қалыс қалмайды. Осы реттегі бірқатар жұмыстардан хабардар болу үшін Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы Руслан Байғазиевпен әңгімелесіп, бірнеше сауалымызды жолдаған едік.

– Руслан Жақсылықұлы, биылғы жылдың І жарты­жылдығы бойынша бюджетке түсетін қаржының бол­жамдық мөл­шері қаншалықты орын­далды?

– Жалпы аудан бойынша 2021 жыл­дың І жартыжылдығы көлемінде мемле­кет­­тік бюджетке 317 227 мың теңге бол­­жамдалып, 437 390 мың теңге түсім түсті. Яғни болжам 120 163 мың тең­геге артық орындалды. Оның ішінде респуб­ликалық бюджетке 226 474 мың теңге болжамдалса, 238 323 мың теңге түсім түсіп, болжам 11 849 мың теңгеге өсім алды. Ал аудандық бюджетке 660 678 мың теңгенің болжамы жасалса, 972 382 мың теңге қаржы түсіп, тиісінше болжам 311 704 мың теңгеге артық болды. Аудан бюджетінің артуына кәсіпкерлік су­бъек­­тілер санының артуы да едәуір әсер етеді. Мәселен, аудан бойынша бірінші жар­тыжыл­дықта 428 заңды тұлға, 1 847 дара кәсіпкерлік субъектісі, 2 сот орындаушы, 4 жеке нотариус, 1 адвокат және 360 шаруа және фермер қожалықтары салық төлеуші ретінде тіркелді.

– Салық базасын ұлғайту, қосымша кіріс көздерін анықтау бағытындағы атқарылған жұмыстарды айта өт­сеңіз...

– Тиісті мерзім көлемінде салық базасын ұлғайту, қосымша бюджетке төленетін кіріс көздерін іздестіру мақсатында камералдық бақылау, салықтық есептілік­терге талдау, салық төлемгерлермен әңгіме­лесу, тү­сін­дірме жұмыстарын жүргізу, уәкілет­ті ор­ган­­дар тап­сырып отырған мәліметтерге са­лыстырмалы жұмыс­тар жүргізілген бо­латын. Нәтижесінде респуб­ликалық бюд­жет­ке жалпы қосымша 5 171 мың теңге түсірілсе, ал жергілікті бюджетке қосымша 318 396 мың теңге жинақталды.

Тарқатып айтатын болсақ, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойын­ша талдау жұмыстарымен 21 салық төлеушіге хабарлама беріліп, нәтижесінде бюджетке 3 264 мың теңге төленді. Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша камералдық бақылау аясында 2019 жылға «ПККР» ЖШС-ға хабарлама беріліп, нәтижесінде салық төлеушілер та­ра­пынан қосымша салық есептілігі тап­сы­­рылып, бюджетке 55 мың теңге төленді. Сондай-ақ 2019-2020 жылдары «Саутс ойл» ЖШС-дан 256 919 мың теңге қосымша салық бюджетке түсірілді.

– Салықтық берешектер бар ма? Бұл ретте қандай жұмыстар атқа­рылуда?

– Жыл басынан аудан бойынша салық және бюжетке төленетін басқа да міндетті тө­­лемдерден салық бересі 0 болса, тиі­сінше салық берешегі 20 548 мың тең­гені құрады. Жеке тұлғалардың көлік құрал­дарына са­лы­­­натын салықтан жыл басынан 16 896,5 мың теңге берешек қа­лыптасса, жарты­жыл­дықта жеке тұлға­лардың бе­ре­сі 18 673,5 мың теңге, салықтық бере­шек со­ма­­сы 20 985,7 мың теңгені құрады. Айта кетейін, жеке тұлғалардың көлік салығы бойын­ша берешектерін өндіру мақсатында 109 тұлға­ның салық берешегін мәжбүрлеп өн­діру үшін жеке сот орындаушыларға жол­данды. Ал жеке тұлғалардың жер және мүлік салық­тары бойынша берешек жоқ.

– Өзіңізге белгілі қазір елімізде сы­байлас жемқорлықпен күрес күн тәр­тібінде тұрған мәселе. Осы салада атал­ған дертті дендетпеу үшін нен­дей жұмыстар жасалуда?

– Иә, бұл дерт дендесе, оған тосқауыл қоя алмасақ, елдің дамуына орасан әсерін тигізері анық. Кемел келешекке деген сенім де жоғалмақ. Сыбайластықпен күресу бар­­лық салада жүргізілуде. Мақсат біреу, міндет ортақ. Осы ретте есепті мерзімде басқарма қызметкерлері және салық тө­леу­шілердің қатысуымен «Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» іс-шара­лар жүргізілсе, салық төлеушілерге тү­сін­дірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 16 семи­нар, сонымен қатар «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, аудандық мәс­­лихат депу­таты А.Кенжебаевтың, Жа­ла­­ғаш ауда­ны бойынша МКБ қызмет­кер­лері қаты­суымен де аталған құқық бұзу­шы­лықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткі­зілді.

Сондай-ақ 2021 жылдың 12 сәуірін­де облыстық Мемлекеттік кірістер де­пар­таментінің басқарма басшысы Г.Қарым­сақова және жетекші маманы Е.Сматов ауданда болып, қызметкерлерге «Ақпа­рат­тық қауіпсіздік талаптарының сақта­луы», «Тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар кеңес өткізіп, түсін­дірме жұмыстарын жүргізді. Ең бастысы аталған дерттің алдын алу, онымен күресу жайында баспасөз беттерінде бірнеше рет мақалалар жарияланды.

– Бұдан бөлек атқарылып жатқан қандай жұмыстарды атап өтер едіңіз?

– Иә, алға қойған мақсатқа сәйкес жос­пар жасалып, сол бойынша жұмыс жасау үстіндеміз. Екінші жартыжылдықта мем­лекеттік бюджет жоспарының орындалуын қамтамасыз ету арқылы түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу, кәсіпкерлік ны­сандарын тіркету, салықтандыру, салық берешегін азайту, кіші және орта бизнес субъектілеріне ақпараттық мүмкіндіктерді қолдана отырып, мәліметтерді талдау ар­қы­лы, проблемалық зоналарды және құқық бұзушылық көріністерін анық­тау, олардан түсетін түсімінің үлес салма­ғын ұлғайту, салық заңдылықтарын тү­сін­діру жұ­мыстарын ұдайы жүргізуді ұйым­дастыру, баспасөз беттеріне мақа­лалар жариялау, салық мәдениетін кө­те­ру және сыбайлас жемқорлық көрі­ніс­теріне жол бермеу мақса­тында бас­қар­ма қызметкерлері арасында ұдайы техни­калық оқулар өткізуді нақты­ладық. Осы бағыттағы жұмыстарды қолға алдық. Жос­пардан шығу, оң нәтижеге жету үшін жауапкершілікпен жұмыс жасауға, барлық тиімді тетіктерді іске қосуға тиіспіз.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Н.АЛМАСҚЫЗЫ


10 қараша 2021 ж. 385 0