» » Қазақстанда үйде ұстайтын мал санына шектеу қойылады

Қазақстанда үйде ұстайтын мал санына шектеу қойылады

қойҚазақстанда үйде ұстайтын мал санына шектеу қойылады. Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр, жылқы, қой санын реттеу үшін арнайы заң жобасын дайындаған. Қазір жоба талқылауға ұсынылған. Мамандардың айтуынша, үй жануарларын көп мөлшерде ұстау экология мен қала және ауылдардағы санитарлық жағдайға кері әсерін тигізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.


Шымкент тұрғыны Минира Каримова – жаңа заң жобасын қолдаушылардың бірі.  Минираның көршісі жылқы асыраумен айналысады екен. Жылқы фермасымен көрші болу бірнеше ыңғайсыздықтарды тудырады дейді. Жағымсыз иіске шыдау мүмкін емес, маска да көмектеспейді екен. Минираның айтуынша, ферма иесіқалдықтарды жинақтамайды, бірақ жануалар саны артып келеді. 

Елімізде үй жануарларының саны заңдық тұрғыдан реттелмейді. Қалалық әкімдіктегілер үй жануарын ұстауға қатысты ереженің бар екенін айтады. Ережеге сәйкес апта сайынғы тазарту жұмыстары, екі жыл сайын дезинфекциялау жұмыстары және толық екпе салынуы керек. Сонымен қатар көршілер рұқсаты да бар, бірақ олар тек бірнеше ереженің бұзылуына байланысты шағым түсіре алады. 

"Біздің мамандар осындай жерлерге барып, тек түсіндірме жұмыстарын жүргізеді", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық ветеринария бөлімінің басшысы манарбек Ержігітов. 

Қазір Ауыл шарушалығы министрлігінде "Жеке қосымша шаруашылық жайлы" заң жобасы дайындалған. Егер жоба қабылданса, үйде ұстайтын мал санына шектеу қойылады. Аймақта үй жануарларын ұстауда бақылаудың болмауы салдарынан жағымсыз экологиялық және санитарлық жағдай орнаған. Қалада тұрғындарға ыңғайсыздық тудырса, ауылдарда егістік алаңдары тапталып, тақыр жерлер көбейген. Сонымен бірге заң жобасына сәйкес үйде ұстайтын мал санын белгілеу құқығы жергілікті тұрғындарға берілмек. 
23 қараша 2021 ж. 1 436 0