» » Жабық есік, аңқау күзетші: Өрт қауіпсіздігін тексерген тұрғындар бірқатар мекемелердің былығын әшкере қылды

Жабық есік, аңқау күзетші: Өрт қауіпсіздігін тексерген тұрғындар бірқатар мекемелердің былығын әшкере қылды


Кемеровадағы жантүршігерлік оқиғадан соң, елімізде түрлі ғимараттардың өрт қауіпсіздігін қарапайым тұрғындардың өздері  тексеруге кірісті. Бала-шағасының өміріне алаңдаған азаматтар  өрт сөндірушілердің жайбасарлығына шыдамаса керек, сауда орталықтарынан бастап, мектеп, аурухана, балабақша мен тұрғын үйлердегі біраз былықты әшкере етіп жатыр, деп хабарлайды КТКарнасының сайты.

Мен қазір Астанадағы ең ірі сауда орталықтарының біріндемін. Мұнда тоғыз апаттық шығу есігі бар екен. Мынау соның бірі. Қазір екінші қабаттан төмен қарай түсіп көрейік. Міне, әбден шығуға келгенде есік жабық тұр.
Яғни, алда жалда өрт шығып, адамдар қашатын болса, осы есіктен шыға алмай, өмір мен өлімнің ортасында қалады деген сөз. Дәл осындай сұмдық  бірнеше ірі бизнес нысандарына тән.  Көбінің дерлік өрт қауіпсіздігі жөнді сақталмаған. Яғни, қызыл жалын шарпыған кезде бой тасалауға арналған есіктері жабық. Неге бұлай деп, күзетшіден сұрасақ, кілт соның қалтасында жүр екен. Өйткені, өрт шықса есікті ашуға сол жауапты. Оқыс жағдай болса бәріне үлгерем деп жайбарақат жүр.



-Есік ашық па? Апаттық есік?
-Мен бармын ғой. Мен болсам, ашық болады. Жоқ болсам жабық болады.
-Ал, сіз болмасаңыз ше?
-Мен үнемі осындамын. Пост бар ғой менде.
-Оқыс жағдай бірдеңе болса, сіз ашасыз ғой есікті?
-Менде болады, төрт қабаттың барлығын бақылауға аламыз”, – дейді күзетші.
Ал, бұл Қарағанды қаласындағы ойын-сауық орталығы. Видеода кішкентай ұл-қыздардың аттракциондарда ойнап жүргені анық көрінеді. Осы ғимарат қожайыны балалардың қауіпсіздігіне бей-жай қараса керек, жақын жердегі апаттық есікті тас-түйін жауып тастаған.
“Шығу” деп тұр. Бірақ, бұл жабық.
Жалпы, Кемеровадағы «Зимняя вишня» орталығында 60-тан астам адамның өмірін жалмаған алапат өрттен кейін,тұрғындар тек сауда орталықтарының ғана емес, мектеп, аурухана мен тұрғын үйлердің қауіпсіздігін тексеріп жүр. Мәселен, мына видеода ата-ана балабақшадағы апаттық есіктің жабық тұрғанына қапалы.
Шығар есікті ашу мүмкін емес. Тұтқасы сынып жатыр.
Бірақ, жұрт  түрлі нысанның былығын әшкерелеп, видеоға түсіргенмен, ол жауаптыны жазаға тартуға жеткіліксіз екен.
“Азаматтарымыздың өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарамай фото-видеоға түсіріп жатқаны жақсы. Бірақ, ғимарат иесін жазалау үшін, тұрғындардан жазбаша шағым түсуі тиіс. Арыз ресми тіркелген бойда, өрт сөндірушілер тексеру жүргізіп, мән-жайды анықтай алады”, – дейді ҰР Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.
Сондықтан, тұрғындар тек бейнеге түсіріп қана қоймай, «101» қызметіне  жазбаша шағымданғаны дұрыс екен. Егер ғимараттың ереже бұзғаны расталса, иесіне 120 мың жаппай айыппұл салынады. Яғни заңда басқа жаза қарастырылмаған.



http://stan.kz
29 наурыз 2018 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 571

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 554

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031