» » Кәсіпкерлікті дамытудың жай-жапсары пысықталды

Кәсіпкерлікті дамытудың жай-жапсары пысықталды

Өткен аптада аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу жайы айтылды.
Жиынды қоғамдық кеңес төрағасы Х.Каметов ашып, күн тәртібіндегі 5 мәселені назарға ұсынды. Алдымен, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асырылуы туралы, сондай-ақ жастарды кәсіпкерлікке үйрету бағытындағы шаралар жөнінде аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Е.Қалданов хабарлама жасады.
– Биыл ауданда бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқыту, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеу бойынша «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылатын болады. Жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 180 адамды қамту жоспарланып отыр. Сонымен бірге, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Қазіргі таңда аудан бойынша 103 жобаға 24,7 млн теңге мемлекеттік гранттар бөлуге сұраныс берілді. Бүгінгі күнге әлеуметтік жұмыс орнына 30 адам жұмысқа жіберілді. Жастар тәжірибесіне 100 адамға 36,1 млн теңге қаржы қаралған. Ақпан айынан бастап 53 жас маман жастар практикасына жіберіліп, 2,9 млн теңге қаржы төленді. Жастар практикасына жолданған жас мамандардың 23-і шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жіберілді, – дейді Е.Қалданов.
Сондай-ақ, биыл Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жұмыс берушілер делегациясы аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кент орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілгенін айтты. Нәтижесінде аудан бойынша 15 адам солтүстік өңірге қоныс аударуға ниет білдірген.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Еспенбет кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды кеңес назарына ұсынды. Биыл кәсіпкерлікті қолдау жылы. Осы бағытта көптеген жобалар енгізіліп, іскер азаматтар өз кәсіптерін бастауға мүмкіндік алады.
– Ағымдағы жылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 27 жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 81,6 млн теңгеге қаржыландырылып, жұмысын бастап кетті. Сондай-ақ, жоғарыда аталған бағдарламаның бірінші бағыты «Бастау Бизнес» жобасы аясында қысқа мерзімді оқу курсына қатысу үшін бүгінгі күнге 163 адам ниет білдіріп отыр. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы бүгінгі күнге қаржыландыруға құны 163,2 млн теңгені құрайтын 34 жоба ұсынылып, оның 17 жобасы қаржыландыруға оң қорытынды алды. Қазіргі таңда оң қорытынды алған жобалардың кепілге қоятын мүліктерінің құжаттары дайындалып, қаржы ұйымына ұсыну бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде, – дейді Ж.Еспенбет.
Мұнан соң, 2017 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы туралы, ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуы және оның тиімділігі және 2018 жылы өткізілген бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы тиісті мекеме басшыларының хабарламалары тыңдалды. Күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді жан-жақты талқылап, жауапты мамандармен пікірлескен кеңес мүшелері ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.
03 сәуір 2018 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30