» » «АДАЛ ЖОЛ –ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОНЫ ӨТТІ

«АДАЛ ЖОЛ –ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МАРАФОНЫ ӨТТІ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы, сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдығына орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қызылорда қаласы әкімдігі мен облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Президент атындағы саябақта «Адал жол - честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді.
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон облысымызда барлық аудандарды қамти отырып тұңғыш рет өткізіліп отыр. Марафонға мемлекеттік орган қызметшілермен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері белсенді қатысуда.
  «Адал жол – честный путь» марафоны Қызылорда қаласынан бастау алып эстафета ретінде аудандарға беріліп отырады. Марафон аясында облыста лекциялар, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, конференциялар, автошерулер және өзге де шаралар өткізіледі. Әр аудан жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіп, халықты жемқорлыққа қарсы тұруда күш біріктіруге шақыратын болады. Этафета алауы ретінде эстафета туы мен өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат пен тілектер жазылған кітап берілді.
  «Адал жол – честный путь» марафонын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы мен «Нұр отан» партиясы облыстық филиалы Төрағасының орынбасары Ибадулла Құттықожаев ашты.
Марафон аясында Сыр елі жастарының жемқорлыққа қарсы флэшмобы өткізілді. Флэшмобқа 200 жас студенттер қатысты.
  Биыл атаулы жыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығы. Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1998 жылы алғашқы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы қабылданып, жемқорлыққа қарсы тұрудың құқықтық негіздері қаланды.
  Сондықтан жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына және Астана қаласының 20 жылдығына орайластырып ерекше белгі ретінде 20 автокөліктен тұратын жемқорлыққа қарсы автошеру ұйымдастырылып отыр. Осы автошеру бүгінгі марфон туын желбіретіп Арал ауданына жеткізетін болады.
  «Адал жол – честный путь» марафоның эстафетасын Арал ауданына беру үшін марафон туы мен кітапты Абзал Мұхимов табыстады. Арал ауданының әкімінің орынбасары Еркін Әбішев қабылдап алды.
Осы марафон аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде студенттердің қатысуымен бірнеше іс-шаралар өткізілді. Онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығы» тақырыбында брейн ринг және пікірталас алаңы ұйымдастырылды.









https://kyzylorda-news.kz
05 сәуір 2018 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31