» » Қазалы ауданында жаңа аурухана ашылды

Қазалы ауданында жаңа аурухана ашылды

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде 150 орындық орталық аудандық аурухана пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа емдеу мекемесінің ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлер мен кент тұрғындарын жаңа аурухананың ашылуымен құттықтады.
– Қазіргі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміздің денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамуда. Қазақстанның түкпір-түкпірінде озық технологиялармен жабдықталған жаңа медициналық мекемелер ашылуда, – деді облыс басшысы.
Сондай-ақ, аурухана үшін құны 400 млн теңге тұратын антиограф медициналық қондырғысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алынуда. Бұл қондырғы жедел және сапалы ота жасауға септігін тигізіп, Қазалы, Қармақшы, Арал аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
Айта кету керек, жаңа ауруханаға Теміржол ауруханасының ғимаратында орналасқан аудандық перзентхана бөлімі мен Қазалы қаласындағы қалалық аурухана бөлімі көшіріліп біріктіріледі.

09 қаңтар 2018 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031