» » Бүгін елдің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады

Бүгін елдің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады


Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, тек қиыр оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қарағанды облысында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болады.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс-Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстараның кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
10 қаңтар 2018 ж. 956 0