» » ҒАЛЫМДАР ОТБАСЫ

ҒАЛЫМДАР ОТБАСЫ


Аймағымызда ғылымға айрықша мән беретін отбасылар аз емес. Солардың бірі – Назаровтар отбасы.
  Айта кетейік, Есенжол Назаров білім мен ғылым саласында 40 жылдан астам ұстаздық еткен ата-анасының жолын жалғап келеді.
  Ғылыми ортаға есімі жақсы таныс Есенжол Назаров – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Ал жұбайы Ақмарал Шәріпова жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
  Ерлі-зайыпты ғалымдардың екеуі де Сыр бойындағы білім мен ғылымның қарашаңырағы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың оқытушылары. Еліміздің болашағы саналатын жас мамандар мен ғалымдарын тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы.
  Е.Назаров ұстаздықтан, ғылыми қызметпен бірге қоғамдық жұмыстармен де белсене айналысады. Нақты кезеңде ол «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде.
Е.Назаров жаратылыстану бағытындағы ғылыми тақырыбына байланысты Астана, Алматы, Баку, Германияның Берлин, Дюссельдорф қалаларында білім жетілдіру институттарында, халықаралық конференцияларға, семинарларға, фестивальдерге қатысып, 50-ден астам ғылыми-әдістемелік, саяси-әлеуметтік мақалаларын жарыққа шығарған.
Назаровтар отбасы ғалымдар отбасы болғандықтан балалары да бар мүмкіндіктерін, күш-жігерлерін жан-жақты білім алуға жұмсайды.


https://kyzylorda-news.kz
15 мамыр 2018 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 46

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930