» » Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады


Биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы жаңа жәрдемақы алады. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты.

Бұл жәрдемақыны 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы алады, ал оның көлемі биылғы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. Мемлекеттік жәрдемақы оларға өмір бойы төленеді. Маңыздысы  — әйелдің мүгедек баласына күтім жасаған жылдары зейнетке шыққанда еңбек өтіліне қосылады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге қарастырылып отыр, деп хабарлайды Sputnik.
“Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” заңға бірінші топтағы мүгедекке бала кезінен күтім жасайтын 18 жастан асқан адамдарға арналған жаңа жәрдемақыны енгізу нормалары бекітілді”, — деді Әбілқасымова.
Айта кетсек, бүгінгі таңда бала кезден бірінші топтағы мүгедек адамдарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері — 54 306 теңге.
Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” заңға енгізілетін түзетулер әлеуметтік қызмет көрсетуге тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар азаматтардың, отбасы мүшелерінің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың бірдей қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта әлеуметтік қызметкерлерге арналған жаңа біліктілік талаптары, медициналық стандарттар мен медициналық мекемелердің стандартты ережелері талап етіледі.


http://stan.kz
16 мамыр 2018 ж. 933 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 18:11
Cialis A Que Edad Propecia Prix Pharmacie buy priligy 30 mg Cialis Acquisto Forum Buy Accutane Uk Online

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 19:43
Allergic To Amoxicillin buy viagra Will Keflex Treat Gonorrhea Online Drug Stores In Canada

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9548)

21 қыркүйек 2019 ж.

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30