» » Қазақстанда жаз мезгіліне екі апта қалғанда қар жаууы мүмкін

Қазақстанда жаз мезгіліне екі апта қалғанда қар жаууы мүмкін


Жаз мезгіліне екі апта қалғанда Қазақстанның кейбір өңірлерінде сулы қар жауады деп күтілуде.

Бұл туралы «Қазгидромет» мемлекеттік метеорологиялық қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, келесі үш күнде солтүстікте және Елордада аяз болады.
«Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне жауын-шашын мен арты ылғалды қарға ұласатын Батыс Сібірдің арктикалық суығы келуі ықтимал. Сондай-ақ, бұл өңірлерде ауа температурасы қалыпты деңгейден екі-төрт градусқа дейін төмендейді деп болжануда», – деп түсіндірді «Қазгидромет» мемлекеттік метеорологиялық қызметінде.
Ал Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа-райы төмен атмосфералық қысыммен анықталады. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында жаңбыр мен найзағайлы ауа-райы күтілуде. Ауа температурасы бұл күндері республиканың солтүстік жартысында климаттық нормадан төмен, ал оңтүстікте – нормаға жуық болады.
Айта кетейік, жақында Шығыс Қазақстанға қар жауған болатын.


http://stan.kz

16 мамыр 2018 ж. 96 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (9456)

13 қазан 2018 ж.

№76 (9455)

09 қазан 2018 ж.

№75 (9454)

06 қазан 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031